Kyzylorda-news.kz. Пәтерлерді жалға беру қызметін заңсыз жүзеге асырған тұлғаларға ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 463 бабымен жауапкершілік қарастырылған.
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің дерегінше пәтерлерін жалға беріп жеке табыс салығын төлемей жүрген жүрген 1 763 кәсіпкер анықталған. Олар бюджетке 10 415,5 мың теңге түсірді.
Баспананы жалға беріп табыс тауып жүрген тұлғалар ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 35 бабына сәйкес жылдық кірісі ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспауы керек. Сол кезде дара кәсіпкер ретінде кірістер органына тіркеу есебіне тұрмастан, 240.00 нысандағы жеке табыс салығы декларациясын табыс ету арқылы қызметін жүзеге асыра алады.
Ал, кірістер органына дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне тұрған жағдайда, арнаулы салық режимдерінің (бұдан әрі-АСР) бірін дербес таңдауға құқылы.