Kyzylorda-news.kz. Жалпы ұлттық «Ел үміті» бастамасы аясында былтыр елімізде Нұрсұлтан Назарбаев қоры, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Qabilet» жобасы іске қосылды.

Аталған жоба 5-17 жас аралығындағы балалардың қабілетін диагностикалау бағытындағы жұмыс 2021-2024 жылдар аралығын қамтиды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының директоры Айжан Қиянбекова хабарлады.

«Qabilet» жобасы – оқушылардың қабілетін дамытуға және одан әрі кәсіби даму бойынша кеңес беруді қамтамасыз етеді. Биыл бұл жобаға 10-11 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады. Диагностикалау мен қабілеттерді анықтау «Елбасы Академиясының» qabilet.elbasyacademy.kz онлайн платформасында және «Дарын» өңірлік орталығының базасында жүзеге асырылады. Қызмет кез келген оқушыға қолжетімді әрі тегін жүргізіледі. Тест бес әдістемелік тапсырмалардан тұрады. Оқушы 70 балдан жоғары ұпай жинағанда ІІ кезеңге өтеді. Екінші кезең «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығында оффлайн форматында ұйымдастырылады. Қазіргі таңда облыс бойынша 1 335 оқушы тестілеудің І кезеңін тапсырып, ІІ кезеңге 3 оқушы өтті, – деді Айжан Қиянбекова.

Тағы да оқыңыз: