Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жалған қызметтік куәлікпен жүрген 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы 1 мамыр күні сағат 18:52 шамасында қаланың орталық көшелерінің бірінде жол ережесін бұзған автокөлікке бағыт-бағдар беріліп, тоқтатылды.

Патрульдік полиция қызметкерлеріне жүргізуші өзін «Антикор-дың қызметкерімін» деп таныстырып қызметтік куәлігін ұсынған. Тексеру барысында қызметтік куәліктің жалған екендігі анықталып, айғақ заттар алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385 – бабының 3 – бөлігімен (Көрiнеу жалған құжатты пайдалану) тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда.

Сонымен қатар, аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тағы да оқыңыз: