Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтың құрбаны болған қала тұрғыны арызданды.

Арызданушының айтуынша, 15 сәуір күні белгісіз адам, атынан 1 миллион онлайн несие рәсімдеп алған. Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 41 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2 бөлігімен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Тағы да оқыңыз: