Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының «Қоғамдық келісім» КММ және «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің бірлесіп ұйымдастыруымен Достық үйінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тіл – достықтың діңгегі» тақырыбында этнос өкілдері арасында тіл танымдық сайыс өтті.

Шара этнос оқушылары арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру, оқып үйренуге деген қызығушылығы мен ықыласын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Барлығы 5 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынған үш топқа «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары М.Дәулетбаева, Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастырушы-модераторы Г.Шынтасова, «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің әдіскері Ж.Ерекешова төрелік етті.

Топты таныстыру, сөйлемді толықтыру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, мақал-мәтел айту сынды кезеңдерден құралған сайыста жүлделі бірінші орынды – бірлігі бекем «Бірлік» тобы, екінші орынды – татулықты ту еткен – «Татулық» тобы, үшінші орынды – достыққа берік «Достық» тобы иеленді.

Жеңімпаздарға алғыс және сыйлықтар табысталды.

Тағы да оқыңыз: