Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында былтыр заңсыз айналымнан барлығы 703 кг. есірткі заты алынған. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

«Есірткінің заңсыз айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірынғай тізіліміне 429 қылмыстық іс құжаттары тіркелген, оның 12 есірткі затын сату, 20 есірткі затын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау және 67 құрамында заңмен тыйым салынған есірткі құралы бар сора өсімдігін егу дерегі. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 296-бабында (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) көзделген қылмыстық теріс қылықтың 328 дерегі анықталған», делінген хабарламада.  

Нашақорлық  пен  есірткі  қылмыстарының  алдын  алу  мақсатында  есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы  тарапынан  алдын  алу  жұмыстары  іске  асырылуда.

«Облыс  көлемінде  жалпы  405 іс-шара  өткізіліп,  олардың  8  – акция,  251 – лекция,  8 – дөңгелек  үстел,   24 – кездесулер, 24 – спорттық  іс-шаралар,  93 – сайыстар. Атқарылған  іс-шаралардың  140- үкіметтік  емес  ұйымдармен,  287 –  мектеп  инспекторларымен,  ал  24 – жоғарғы  және  арнаулы  орта  оқу  орындарында  ұйымдастырылды.  Жалпы  ұйымдастырылған  барлық  іс-шараларға  17804   адам  қатысты», – деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 Есірткі  сату  және  тағыда  басқа  есірткі  заттарына  байланысты  жасалып  жатқан  қылмыстар  мен  құқық  бұзушылықатар  жайлы  хабарламаларды  қабылдау  үшін Қызылорда  ОІІД  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында   27-55-42  «Сенім  телефоны»  номері жұмыс атқарады.

Тағы да оқыңыз: