Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Өнер барысы» өтеді.

Ағымдағы жылдың 13 наурызында Қызылорда облысында «Өнер барысы» өтеді. Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтетін сайыста кәсіби спортшылар өнер көрсетпейді. Бозкілемде тұңғыш рет аймақтағы білім, мәдениет, өнер саласында жүрген жастар белдесіп, бағы мен бабын қатар сынап көреді. Сайыстан бір күн бұрын салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

Жарыс қаланың сол жағалауында орналасқан Жастар орталығында 13 наурыз күні сағат 10-00-де басталады.

Айта кетейік, Сыр өңірінде өтетін додаға қызылордалық жайдарманшы Ақылбек Скендіров қатысады.

Тағы да оқыңыз: