Kyzylorda-news.kz.  Облыстық жастар  саясаты мәселелері  басқарамасының  қолдауымен 4 желтоқсан күні А.Тоқмағанбетов   атындағы  мәдениет үйінде  облыстық  «Жас ұлан» ұйымының  ұйымдастыруымен «Ұланымыз ұлы елдің» атты VІІ  облыстық балалар мен жасөспірімдер слеті өтеді.

Аталған шарада 50 оқушы  жас ұлан қатарына қабылданып,  200  делегат қатысады.

Слет  аясында қабылдау рәсімі өткізіліп, «Арманың  барда, адымда  алға!» жылдық жобалар үздіктері  марапатталады, арнайы  номинациялар  тапсырылады. Әлеуметтік  жобалар  аясындағы шаралар бойынша қолөнер және сурет  көрмесі  ұйымдастырылмақ.

Сонымен қатар «Жас Ұлан» бірыңғай     балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қызметін ұйымдастыру жөнінде мектеп тәлімгерлеріне  арналған  семинар-тренинг өтеді. Жыл  бойы «Балалар  әлеміндегі  игі істер» жобасының қорытындысы  ретінде  жәрмеңке  ұйымдастырылып, одан түскен қаржы мұқтаж  отбасына  беріледі.

      Айта кетейік, Қызылорда  облыстық  «Жас ұлан ұйымы»  2011 жылы  Елбасының  қолдауымен   құрылды. Қазіргі   таңда   аймақта  106 000 жас ұлан  бар.

Тағы да оқыңыз: