Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында мұнай өнімдерін ұрлаған тұрғын сотталды.

Кәсіпкер 4 тонна дизель отынын құжатсыз өткізбек болған жерінде қолға түскен еді.

Тергеу барысында оның бұған дейін де құны 93 млн теңге болатын, 402 тонна жанармайды заңсыз сатқаны белгілі болды. Көлеңкелі бизнеспен айналысқан тұлғаның барлық заңсыз әрекеті дәлелденіп, сот үкімімен 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«Құрметті азаматтар! Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда Агенттіктің сенім телефондарына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарлауыңызды сұраймыз», – дейді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: