Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын бақылау бойынша 12 мониторингтік топ жұмыс жасауда.

Аталған топ жыл басынан бері меншік иелеріне қарамастан қала аумағындағы 931 нысанды араланды. Оның ішінде, карантин талаптарын сақтамаған нысандарға әкімшілік шара көру үшін үйлестіру орталығы арқылы 13 нысан бойынша құзырлы органдарға шұғыл хабарламалар жолданып, оның 8-не әкімшілік шара көрілді.

Айта кету керек, қала аумағында санитариялық-эпидемияға қарсы талаптардың сақталуы бойынша аралау жұмыстар күнделікті жүргізіледі.

Тағы да оқыңыз: