Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында 8-ші мәрте дәстүрлі түрде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі. Конкурсқа іріктеу 15 мамырда басталып, республикалық деңгейде қорытындыланады. Ұлттық құндылықты үлгі етер отбасылық сайысқа 200-ден астам жанұя қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова хабарлады.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының негізгі мақсаты – өнегелі құндылықтарды жаңғырту мен отбасы мәртебесін кеңінен насихаттауға бағытталған. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталғалы бері 1500-ден астам жанұя қатысуға өтініш білдірді. Ал былтыр облыстан 182 отбасы қатысты. Үш жыл қатарынан Шиелі ауданының тұрғындары жеңімпаз атанып келді. Жалпы байқау 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 15 мамырдан 15 маусымға дейін жүргізіледі. Онда қалалық және аудандық іріктеу жүргізіледі. Екінші кезеңде іріктеуден өткен бір отбасы айқындалып, республикалық ұйымдастыру комитетіне жолданады», – деді Қаламқас Арыстанқызы.

Айта кетейік, қорытынды шара қыркүйектің екінші жексенбісі еліміздің ресми мерекесі отбасы күні қарсаңында анықталатын болады. Жеңімпаздарға диплом мен арнайы белгі табысталады.

Тағы да оқыңыз: