Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық білім қызметкерлері кәсіподағы акция аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін сала қызметкерлірінің отбасы жағдайына қарай жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

Басты мақсат – болашақ ұрпағымыздың білімді, денсаулығы мықты азамат болып өсуіне ынтымақтастықпен атсалысу.

Акция барысында 800-ден аса балаға қажетті құрал-жабдықтары әзірленді.

Қазіргі уақытта Арал, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша толық үйлестіру жұмыстары аяқталып, апта соңына дейін Қызылорда қаласы, Қазалы, Сырдария аудандарында өткізілетін болады. Сонымен қатар акция барлық облыстық мекемелерде ұйымдастырылуда.

Тағы да оқыңыз: