Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан мектеп оқушысын көлік қағып кетті.

Қазіргі таңда оқушы қыз ауруханаға жеткізіліп, ем-дом жасалуда.

«Аталған оқиға ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалып, анықтау жұмыстары жүргізілуде. Күдікті азамат Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Тағы да оқыңыз: