Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылордада «Edcrunch Headmaster» атты мектеп директорларының арасында ұйымдастырылған І республикалық конкурсының қорытынды кезеңі өтті.

Байқаудың нәтижесі бойынша бас жүлдені Қызылорда қаласының атынан қатысқан №101 мектеп-лицейінің директоры Айгүл Алтынбекқызы жеңіп алды.

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, өзара тәжірибе алмасу және білім беру ұйымының озық инновациялық идеяларын насихаттауды мақсат тұтқан байқауға Шығыс Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларынан 6 директор қатысып, 5 кезең бойынша бақтарын сынады.

Білім бәсекесінде білім беру ұйымдарының басшылары І кезеңде соңғы 3 жылдағы жетістіктері бойынша «Мен табысты басшымын» тақырыбында бейнеролик дайындаса, ІІ кезеңде «Басқарудағы менің жетістіктерім» тақырыбында өз мектебі бойынша атқарған жұмыстарының таныстырылымы жасап, ІІІ кезеңде «Жаңа мектеп – жаңарған жоба тақырыбында өз жобаларын қорғаған. Ал, ІV кезеңде мектеп директорлары TedX – форматында берілген тақырып бойынша ашық алаңда пікірін білдірсе, V кезеңде басқару жағдаяттарын шешу бойынша сайысқа түсті.

Республикамызда алғаш өткізілген байқаудың нәтижесі бойынша І орынды Қызылорда қаласынан №101 мектеп-лицейдің директоры Айгүл жеңіп алса, ІІ орынды Ақмола облысы, Щучинск қаласы №7 мектеп-лицей директоры Сураганов Дамир иеленді. Ал, Түркістан облысы, Ата түрік атындағы №17 мектеп-гимназия директоры Үрімова Рахила жүлделі ІІІ орынға ие болып, жеңімпаздарға бағалай сыйлықтар мен арнайы алғыс хаттармен табысталды.

Тағы да оқыңыз: