Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне 2 аудан тұрғыны арызданды.
Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреулер мал қораларынан 2 бас жылқы ұрлап кеткен. Оларға жалпы келтірілген шығын көлемі 1млн 300 теңгені құрады.
Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті екі аудан тұрғыны анықталып, құрықталды. Қазіргі таңда олар уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкессотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.