Kyzylorda-news.kz. 5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде Қызылорда қаласында орналасқан «Ломбард» мекемесінен жалпы құны 300 млн. теңге болатын алтын бұйымдар ұрланған.
Орын алған дерек бойынша ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен (Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп – тексерулердің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс тіркелген.
Жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Қызылорда қаласының 2 тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.