Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық жасады деп күдікпен айыпталуда, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол жалпы қамқорлығы мен орындалған жұмыс актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден карталық шоты арқылы едәуір мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді» делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

Тағы да оқыңыз: