Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырып, пневмониялық инфекциямен ауырып, айығып шыққан 100 медицина қызметкеріне Ақмола облысы «Бурабай» ауданында орналасқан «Шучинск» демалыс орнына жолдама берілді.

Оны қызметкерлерге «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Асылхан Абылайханұлы табыстады.

«Жолдаманың құны барлығы 7 500 000 теңгені құрайды. Халық денсаулығының жақсаруы жолында аянбай еңбек етіп жүрген денсаулық сақтау саласының қызметкерлері тамыз-қыркүйек айларында 10 күн шипажайда демалады. Бұл бағыттағы жұмыстар “Senim” кәсіподағы тарапынан жалғасын таба бермек», – дейді Асылхан Абылайханұлы.

Тағы да оқыңыз: