Қызылордада коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде

30.09.2020, 17:00

337 0

Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша күзгі маусымда пандемияның екінші кезеңі болуы мүмкін. Осыған орай, «COVID-19» пандемиясының екінші кезеңінде облыстағы инфекция жұқтырған науқастарды уақытылы қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер тізімі жасақталуда. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Пандемияның 1-кезеңінде орын алған дәрі-дәрмектер тапшылығын болдырмас үшін стационарлық және емханалық жағдайда жетіспеген дәрілік заттарға облыстық бас пульмонолог, облыстық бас инфекционистпен сараптама жасалып, «COVID-19» індетін емдеу хаттамасына сәйкес жасақталды.
Тізімді жасақтау барысында короновирус және вирустық пневмония науқастарына 1-кезеңде қолданылған дәрілік препараттар негізге алынды.

Құрылған қорға дәрілік заттарды сатып алуға қажеттілік 350 млн. теңге қаражатты құрап отыр.
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда 21 инфекциялық және провизорлық төсек орындар қайта ашылатын болады. Жалпы саны 3000 орынды құрайды.

Сондай-ақ, 200 төсек орынды тез соғылатын модульді инфекциялық аурухана құрылысына жер бөлініп, қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне 96 өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратына сұраныс беріліді.
Жергілікті бюджеттен 4 флюро және 4 дана стационарлы рентген аппаратын сатып алу жоспарлануда.

2020 жылдың күз мезгіліндегі коронавирустық инфекциясының болжамды екінші толқынына жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілуіне орай, 3500 медицина қызметкерлерінің резерві құрылды.
Сонымен қатар, көпбейінді облыстық ауруханасы және Қазалы ауданаралық ауруханасы жанынан демеушілік көмек арқылы оттегі станциясын құру жоспарлануда. 

Атап айтқанда, Петро Казахстан компаниясының демеушілігімен Қазалы ауданында жалпы құны 79,3 млн теңге құрайтын 1 оттегі станция салынатын болады. Осы станция арқылы Арал және Қармақшы аудандарын, Байқоңыр қаласын оттегімен қамтамасыз етіледі.

Ал, екінші оттегі станциясы ҚазГермұнай компаниясының демеушілігімен «Көпбейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК базасынан салынатын болады. Жобаның құны 93,8 млн теңге. Бұл қала аумағындағы ауруханаларды және Сырдария, Жалағаш аудандарын қамтамасыз ететін болады.
Үшінші оттегі станциясы Шиелі ауданында салынатын болады. Қазіргі таңда қаражат мәселесі шешілуде.

Емдеу мекемелеріне сұраныстары арқылы демеушілік көмекпен орталықтандырылған оттегі беретін құрылғылар орнатылатын болады.

Қыркүйек айында лизинг арқылы республикалық бюджеттен 40 дана автокөлік күтілуде. Оның 31-і қыркүйек айында, 7-уі қазан және 2-уі қараша айында күтілуде.

0

Пікір қалдыру