Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында бүгінгі күнге коронавирус инфекциясының 560 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Өткен тәулікте 2 симптомды жағдай тіркелді. Екеуі де Қызылорда қаласынан, екі жағдайда скрининг арқылы анықталған. Сондай-ақ 14 симптомсыз жағдай тіркелді. Олардың барлығы облыс орталығынан, 8-і скрининг арқылы анықталса, 9 қарым-қатынаста болғандардың арасынан анықталып отыр», – дейді басқарма басшысы.

Аймақта соңғы тәулікте 5 науқас сырқатынан айыққан. Қазіргі таңда емделгендердің саны 489 адамға жетті.

Тағы да оқыңыз: