Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 357-ге жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 233. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.

«Жаңадан 12 дерек тіркелді. Анықталған 12 жағдайдың 91%- қарым-қатынас арқылы, 9%-сырттан келді. Қызылорда облысы бойынша короновирус инфекциясымен тіркелген медицина саласының қызметкерлері-82», – деді Наурызбай Сейтқалиұлы.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған– 4547 азамат анықталды. Оның ішінде, 2525-і тікелей қарым-қатынаста, 2022-і жанама байланыста болған. Инфекциялық стационарда-99, карантиндік госпитальда-26, провизорлық стационарда-34, каратиндік стационарда-299 азамат бақылауда. Барлығы 458.

Тағы да оқыңыз: