Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі таңда облыс бойынша коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов баяндады.

«Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және алдын алу үшін санитарлық-профилактикалық іс-шараларды үйлестіру жұмыстарына байланысты, облыстың барлық емдеу мекемелері бірінші типтегі кастюмдермен, қорғаныс құралдарымен, сонымен қатар қажетті дәрі-дәрмек қорымен толық жабдықталып отыр. Қазіргі таңда провизорлық бағытта 100 төсек орын, карантиндік 850 төсек орын дайындалған», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

2020 жылдың 14 наурызынан бүгінге дейін I (а) категория елдерінен Қызылорда облысының аумағына келген барлық ҚР-ның азаматтарының – 33. Облыстық инфекциялық ауруханада орналастырылғаны, яғни,  карантиндік стационарда 8 адам жатыр.

«Байқоңыр ФМБА орналастырылғаны – 2 азамат. Анализ қорытындысымен КВИ анықталмады. Қалған – 23 азамат үй жағдайында бақылауда», – деді ол.

Ал I (б) категория елдерінен Қызылорда облысының аумағына келген ҚР-ның азаматтарының саны – 54. Үй жағдайында карантинде 48 азамат жатыр.

Облыстық Инфекциялық ауруханасына 4 адам орналастырылған. Оның ішінде, карантиндік стационарда – 3, правизорлық стационарда – 1 адам жатыр.

Сондай-ақ, Қазалы ауданаралық ауруханасына 2 адам орналастырған. Анализ қорытындысымен олардан КВИ анықталмаған.

«Сонымен қатар, КВИ (коронавирустық инфекция) анықталған науқаспен қарым-қатынаста болған 3 ҚР азаматы бақылауға алынып, 2-еуі Қазалы ауданаралық ауруханасына, 1-еуі Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Оның 1-еуі Қазалының азаматы, 1-еуі Қызылорда қаласының азаматы, 1-еуі Шымкент қаласынан. Шымкет қаласының азаматшасын 24 наурыз күні Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған. Қазіргі таңда денсаулық жағдайы бір қалыпты. Анализ қорытындысымен КВИ анықталмады», деп мәлімдеді басқарма басшысы.

Тағы да оқыңыз: