Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімнің орынбасары Наурызбай Байқадамовтың төрағалығымен облыс әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның отырысы өтті. Оған құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты.
Жиында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров Қылмыстық жазасын өтеп жүрген сотталғандар мен айыпталушыларға медициналық көмек көрсету және өлім жағдайларын болдырмау бағытында атқарылған жұмыстары туралы баяндады. Түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілерге медициналық көмек көрсету барысында кездесетін мәселелер облыстық денсаулық сақтау басқармасымен пысықталды.
Консультациялық-кеңесші органның төрағасы жаза өтеушілерді міндетті медициналық тексерістен толық өткізілуін назарға алып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пазиловқа ҚАЖ мекемелерін жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз етілуі бойынша тапсырма берілді.