Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны арызданған.
Оның айтуынша, танысы коммуналдық төлемдерге берешек қарызын жауып беремін деп 400 мың теңге көлемінде ақшасын алдап алған.
Жедел шаралар нәтижесінде тұрғынды алдаған азаматша анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
