Kyzylorda-news.kz. Қызылордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Оқыс оқиға бүгін сағат 10.58-де орын алған.

Оқиға орнынан 13 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Сонымен қатар өздігінен жүре алмайтын 1 адам тілсіз жаудан құтқарылды.

Оқиға жөнінде Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар келіп түсіп, Абай даңғылы бойындағы №48 үйдің бесінші қабатындағы 2 пәтердің балконы жанып жатқаны жөнінде айтылған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жылдам жетті. Барлау жұмыстарынығ нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел және біріккен іс-қимылының нәтижесінде жоғарғы қабаттан барлығы 13 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың 2-і бала. Сондай-ақ, өрттен өздігінен жүре алмайтын бір азаматша құтқарылды. Өрт сағат 11.10-де оқшауланып, 11.18-де толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: