Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 18-20 қараша аралығында«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Жыл басынан бері облыс бойынша 919 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған.

Аталған шара барысында облыс бойынша көлікті мас күйінде басқарған 9 жүргізіші анықталды. 19 қарашада патрульдік полиция қызметкерлерімен Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде “Мазда 626” маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында Қызылорда қаласының 41 жастағы  тұрғыны орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде екендігі анықталып, сауықтыру орталығына жатқызылды. Аталған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айып алыңына қойылды.

Сонымен қатар облыс бойынша көлік құралының басқару құқығынан айырылған 32 жүргізуші мас күйінде қайта көлік басқарған.  

Мәселен, 20 қараша күні Арал қаласының көшелерінің бірінде 47 жастағы аудан тұрғынының басқаруындағы «Toyota» автокөлігі тоқтатылып, құжаттарын тексеру барысында осы жылы 7 жылға  көлік құралын жүргізу құқығынан айырылса да, рөлге қайта спирт ішімдігін ішіп отырғаны анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Іс-шара барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен барлығы 1229, жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 10 жол қозғалысы ережесін бұзушылықтар анықталды.

Тағы да оқыңыз: