Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық тәртіп сақшылары автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні қолға түсірді.

Байқоныр қаласының тұрғыны түнгі уақытта өзінің ауласында тұрған шетел автокөлігін біреу белгісіз бағытқа айдап кеткендігі жөнінде полицияға арызданған. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 41 жастағы, бұрын сотты болған Қазалы ауданының тұрғыны ұсталды.

«Орын алған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: