Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жойылып кету қаупі төніп тұрған  киік ату дерегі орын алды.

«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында бүгін түнгі сағат 03-20 шамасында Төретам кентінен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолына шығатын жолда Лада Ларгус»  маркалы күдікті автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде автокөліктің жүк салғышынан 4 бас киік табылды. Бұдан бөлек, жүк салғыштан 1 қоян, 2 дана 12 калибрлі аңшы мылтығы мен оқ-дәрілер айғақ зат ретінде алынды.  

Киік атқан 2 күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339 бабы 2 бөлігінің 2 тармағымен  (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Тағы да оқыңыз: