Kyzylorda-news.kz. Кеше Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары жарықсыз қалған болатын.
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, желіде «KEGOC» ұлттық операторының 500 кВ-ы сөндірілгендіктен, төрт облыстың тұрғындары жарықсыз қалған.
«Қазіргі уақытта шектеу алынды, электр энергиясын беру қалпына келтірілді. Абоненттерді қосып жатырмыз», – деді баспасөз қызметі.