Қызылордада келесі жылдан бастап су тарифі төмендейді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада келесі жылдан бастап су тарифі төмендейді

09.12.2020, 12:00

506 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап судың тарифі төмендейді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополиялардың реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тарифтің қолданылу мерзімі өткен жағдайда, табиғи монополия субъектісі, бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға тартылған қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бағытталған қаражатты қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға бағытталған қаражатты (амортизациялық аударымдар мен пайданы) есепке алмастан, уәкілетті орган бекіткен тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынады («Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабы 3-тармағы).

Заңның аталған нормасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда облысында қызмет көрсететін «Теміржолсу-Қызыл-Орда» ЖШС-і үшін суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне қолданыстағы тарифті 8,2 пайызға немесе қосымша құн салығынсызз 1 текше метрге 282,44 теңгеден 259,35 теңгеге дейін төмендетіп тариф және тарифтік смета бекітті.

Тариф 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

0

Пікір қалдыру