Kyzylorda-news.kz. Облыста 1 маусымнан бастап іске қосылатын салалар мен ұйымдардың тізімі бекітілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Жанат Мамбеталиева баяндады.

“Бүгін Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялықдәрігерінің қаулысы дайындалып, қаулымен күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен қалаішілік қоғамдық көліктің жүру уақыты 23.00-ге дейін ұзартылды. Сонымен қатар, автобуспен ауданаралық, облысаралық тұрақты тасымалдау маршуттары іске қосылады. Әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтай отырып, саябақтарға,алаңдарға және скверлерге, жағалауларға шектеусіз баруға рұқсат етіліп отыр”,-деді Жанат Тастайбекқызы.

Тағы да оқыңыз: