Kyzylorda-news.kz.  Өңірде агротауар өндіру және өткізумен айналысатын бірнеше серіктестік өзара келісім аясында дақылдың құнын 50 процентке дейін көтергені анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, өзіндік бағасына сай ақталған күріштің келісі орта есеппен 220 теңгеге саудалануы тиіс болса, бизнесмендер оны 330 теңгеден сатқан. Аймақта астық бағамының мұнша шарықтауына байланысты азық-түлік нарығына талдау жүргізген сала мамандары бәсекелестікті қорғау заңнамасы бұзылғанын айтып отыр. Облыстың басты ауыл шаруашылығы дақылымен қатар тауық еті мен жұмыртқа бағасы да қолдан өсірілгені әшкереленді. 

«Абзал и К», «Най-Мир», «Жан-Арай» ЖШС-іне ҚР бәсекелестікті қорғау саласы заңнамасын бұзушылық белгілері бар екендігі туралы хабарлама берілді. Бөлшек саудадағы күріш бағасы орташа есеппен 250 теңге болып отыр. Егер де осы жағдай аталған субьектілермен қайталанған жағдайда ҚР КК нормаларына сәйкес субьектілер іс-әрекетіне қатысты тергеу жүргізіледі», – дейді ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы Еркін Қазығұлов.

Тағы да оқыңыз: