Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық пробация қызметінің ұйымдастыруымен қоғамнан оқшауламайтын жаза түріне сотталған кәмелетке толмаған жасөспірімдер ЗК-169/1 мекемесін аралап көрді, деп хабарлайды облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз өызметі.
Шараға пробация есебінде тұрған оннан астам кәмелетке толмаған бала қатысты. Олар тергеу изоляторындағы оқшаулау орындары және өндірістік аймақты аралап көрді.
«Шараның басты мақсаты – есепте тұрған кәмелетке толмаған балалар жасайтын құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты қайта болдырмау. Биылғы жылдың 10 айында кәмелет жасына толмаған 29 сотталушы Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіне өткен. Оның екеуі сотталған мінез-құлқы қиын балаларды тәрбиелейтін девиантты мектеп орталығында. Осындай профилактикалық іс-шаралар арқылы қылмыс жасаған жасөспірімдерге жаза баспау қажеттігін ескертіп жатырмыз», – дейді қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары Айгүл Құрақбаева.
Шара барысында олардың күнделікті тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, профилактикалық әңгіме жүргізіледі.

Тағы да оқыңыз: