Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы «Birgemiz» атты IX облыстық Азаматтық форум өтуде. Биыл жаңаша форматта ұйымдастырылған басқосу бес күнге созылады.

Азаматтық форумға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, ҮЕҰ, сарапшылар, бизнес құрылым өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері, кәсіподақ ұйымдары қатысуда.

Азаматтық қоғам апталығы шеңберінде Қазақстан Республикасында Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттары талқыланды.

Атап айтқанда, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы;

қоғамдық бақылау – шынайылық пен мүмкіндіктер;

ҮЕҰ бәсекеге қабілеттілігі: табыс факторлары, тәуекелдер, перспективалар;

қоғам, мемлекет және бизнес диалогы атты бағыттар қамтылды.

Сонымен қатар, форумда бұған дейінгі берілген ұсыныстардың нақты жүзеге асуы сөз болды.

Делегаттар онлайн форматта республикалық форумның сарапшылық, пікірталас және оқыту шараларына қатысып, Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның дамуы бойынша өз сұрақтарын қоя алады. Бұл ретте, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі белсенді ұйым өкілдерін елдегі өзекті мәселелерді ескере отырып Азаматтық форумның күн тәртібін қалыптастыруға атсалысуға шақырады.

Жергілікті форум жұмысына 200-ден астам ҮЕҰ, мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысуда.

Тағы да оқыңыз: