Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер ірі көлемде есірткі затын тасымалдаған тұрғынды ұстады.

Оқиға 15 сәуір күні сағат 16:25 шамасында орын алған. Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Самара-Шымкент тасжолының 1383/883 шақырымында Байқоңыр қаласынан Арал ауданына қарай бағыт алған «Ваз – 2114» маркалы автокөлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің артқы орындығындағы сөмкенің ішінен полиэтилен пакетіне оралған «ерекше иісі бар шөп тәріздес» зат анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат  жалпы салмағы жарты келіден астам кептірілген марихуана болып шықты.

Тәртіп сақшыларының қырығылық танытуының нәтижесінде заңға қайшы әрекеттің алды оралып, құқық бұзған азамат қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Тағы да оқыңыз: