Kyzylorda-news.kz. Қызылордада дәрілік заттарды қымбат бағада сатушылардың және алып сатарлардың жолын кесу мақсатында облыстық прокуратурамен мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылды.

Мобильді топ аймақта қызмет көрсететін 328 дәріхананы аралады. Бүгінгі күнге дейін дәрі-дәрмекті қымбат бағада сатқан 33 дәріхана, Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілерді сатқан 4 дәріхана мен 4 жеке тұлға, арнайы рұқсатсыз және тиісті тіркеусіз жұмыс істеген 1 дәріхана мен 2 жеке тұлға және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан 17 жеке тұлға анықталып, жауаптылыққа тартылды.

Атап айтар болсақ, Қызылорда қаласында фармацевтикалық қызметтің рұқсатынсыз кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелместен дәрі-дәрмек сататын және қосымша заңсыз медициналық қызмет көрсететін дәріхана анықталды. Аталған дәріханадан 517 түрлі 9,5 мың дәрілік заттар алынды. Соттың қаулысымен дәріхана иесіне 223 мың теңге айыппұл салынды. Қаулы күшіне еніп, дәрі-дәрмектер мемлекет пайдасына тәркіленді.

Қызылорда облысы прокуратурасымен ұйымдастырылған мобилді топтармен 566 түрлі 10 мың қорап препараттар мен 2,5 мың қорғаныш маскалары алынып, медициналық ұйымдарға берілді.

Тағы да оқыңыз: