Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында биыл инватаксиге бөлінетін қаржының көлемі артады. Бұл туралы облыс әкімі халыққа есеп беру жиынында мәлімдеді.

Есепті кездесуге қатысқан облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Мұрат Жұмаділдаев облыс әкіміне инватакси қызметіне қатысты сауалын жолдады.

– Инватакси қызметіне бөлінетін қаржының көлемін ұлғайтуға мүмкіндігіміз бар ма? – деді ол.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сай бюджеттің 50 пайызы әлеуметтік салаға жұмсалады. Биыл біздің облыстағы әлеуметтік салаға жұмсалған қаржы көлемі 64 пайызға жетіп отыр. Инватакси мәселесіне қатысты былтыр бұл бағытқа 35 млн теңгеге жуық қаржы бөлінсе, биыл 30 млн теңгеден аса қаржы қаралған. Сондай-ақ алдағы уақытта 25 млн теңгеге дейін қаржы бөлу жоспарымызда бар. Өткен жылға қарағанда артық болмаса кем болмайды, – деді облыс әкімі. Қуанышбек Ысқақов.

Тағы да оқыңыз: