Қызылордада ХІ халықаралық «Baikonyr invest» инвестициялық форумы өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада ХІ халықаралық «Baikonyr invest» инвестициялық форумы өтті

03.12.2019, 10:00

373 0

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Қ.Ысқақов ХІ Халықаралық «Baikonyr Invest» инвестициялық форумының салтанатты ашылуы мен пленарлық отырысына қатысты. Форумның биылғы тақырыбы – «Қызылорда: тұрақты өрлеу, инвестициялық ынтымақтастықтық үшін жаңа мүмкіндіктер». Форум аясында жалпы құны 100 млрд. теңгеге жуық жобаларды жүзеге асыру үшін 25 мемарандум, 1 келісім-шартқа қол қойылды. Олардың қатарында өнеркәсіп саласында 14, агроөнеркәсіптік секторда 9, мемлекеттік жекешелік әріптестік бағыты бойынша 3 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы меморандумдар бар.

«Baikonyr Invest» – бұл жыл сайын 300 астам шетелдік және отандық бизнес-көшбасшыларының, инвестициялық компания басшыларының, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері мен экономиканың түрлі салаларындағы сарапшыларды басын қосатын ауқымды пікірталас алаңы.

Форумға шетелдік және отандық бизнес-қауымдастық өкілдері, инвестициялық компаниялардың басшылары («К2АТ» ЖШС Корей компаниясы, «Total Eren» Француз компаниясы, «НЕС» Болгар компаниясы), ғылыми-зерттеу институттары өкілдері арнайы келген. Сондай-ақ, форум жұмысына алыс және жақын 10 мемлекеттен (Иран, Франция, Германия, Македония, Нидерланды Корольдігі, Корея, Канада, Словения, ҚХР, Ресей Федерациясы) инвесторлар қатысуда. Ал, Иран Ислам Республикасынан Төтенше және Өкілетті Елшілер Сабер Маджид Самадзаде және Корея Республикасынан Ким Дэ-Сик пен Нидерланды Корольдігінен Андре Карстенс, Солтүстік Македониядан Меджити Муарем арнайы шақырылған.

Форум барысында пленарлық отырыс пен кездесулер, әр салаға қатысты секциялық жиындар, инвесторлар мен жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды. Сондай- ақ, пленарлық отырыста «Байқоңыр «АЭА-жобаларды іске асыруға арналған перспективалы алаң», «Ауыл шаруашылығында фермерлікті және мал шаруашылығы кластерін дамыту мүмкіндіктері», » Мемлекеттік – жекеменшік әріптестікті дамыту перспективалары» тақырыптары бойынша баяндамалар оқылды.

«Бұл біздің 11 инвестициялық форумымыз. Алғаш рет » Baikonyr Invest » форумын 2013 жылы өткіздік. Алдыңғы 10 форумның нәтижесі бойынша 130 астам меморандумға қол қойылды, облыс экономикасына 1 трлн астам инвестиция тартылды. Аймақта биылғы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстардың негізгілерін атап өткім келеді. Қызылорда облысының ең маңызды артықшылықтарының бірі – тиімді логистикалық жағдайға ие екені белгілі. Бүкіл облыс арқылы су артериясы (Сырдария өзені), оның бойымен темір жол және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық магистралінің 800 км астам ең үлкен учаскесі біздің өңір арқылы өтеді «-, деді облыс әкімі Қ. Ысқақов.

Сонымен қатар, форум қатысушылары үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағына және «Қорқыт ата» мемориалдық кешеніне экскурсиялық тур ұйымдастырылды.

0

Пікір қалдыру