Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің қатысумен «Цементті өндіру және өткізу нарығындағы мәселелері» тақырыбында «Open Space» кеңсе отырысы өткізілді.
«Қазіргі таңда облыс бойынша цемент бағасы өткен жылымен салыстырғанда біршама өскен. Бұл өңірде тауарлық бетон, құрылыс компаниялары салып жатқан үйлердің де бағаларының өсуіне әкеп соғып отыр. Сондай-ақ, баға өсу жағдайы әсіресе халықтың наразылығын тудырып жатыр. Сондықтан аталған компанияның басшылығына өз ұсынысымызды жеткізіп отырмыз», – дейді департамент басшысы Е.Орынбаев.
Бас қосуда «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің бас басқарушысының сату жөніндегі орынбасары Сун Вэнбиньцемент бағасының өсу себептерін түсіндіріп, бағаны түсіру үшін тиісті жұмыстар атқаруға уәде берген.
Бүгінде «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, департаментпен өткізілген «Open Space» кеңсе отырысында айтылған ұсыныстар ескерілді. Қазіргі таңда ЦЕМ ll/А-Ш 32,5 Н (ПЦ400 Д20) цемент маркасының бағасы – 1 тоннасына 500 теңгеге төмендетілді.