Қызылордада «Газельмен» сексеуіл тасымалдағандар ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада «Газельмен» сексеуіл тасымалдағандар ұсталды

19.01.2021, 12:00

347 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында «Газель» жүк көлігімен сексеуіл тасымалдағандар ұсталды.

15 қаңтар күні сағат 11:15 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының Табиғатты қорғау тобының және «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері бірлесіп, Қызылорда қаласы аумағында күдік тудырған «Газель» жүк автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында көліктің жүк салғыш қорабынан заңмен кесуге тыйым салынған сексеуіл өсімдігінің тиелгендігі анықталды. Автокөлік айып алаңына қойылды.

Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының талаптарына сәйкес, кінәлі тұлғалардың жауапкершілігі қаралуда.

0

Пікір қалдыру