Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау тобы өз жұмысын Ақсуат ауылдық округі мен Белкөл кентінде жалғастырды.
Еркін диалог форматында өткен кездесуде сала мамандары “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту”, “Бизнестің жол картасы” сынды жұмыспен қамту бағытында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясында ақпарат берді.
Ақсуат ауылдық округінде өткен кездесуде газ жеткізу саласында нәтижелі жұмыс атқарып жүрген мердігер мекеме “Әлия Сервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 50 жасты жұмыспен қамтуға дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов пен сала басшылары жастарды жеке қабылдап, ұсыныстарын назарға алды.