Kyzylorda-news.kz. Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті еліміздің барлық газдандырылған өңірлер бойынша «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның тұтынушылары үшін тауарлық газдың бағасына сараптама жүргізді.

Осылайша, баға сараптамасын қарау қорытындысы бойынша, Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның елдің барлық газдандырылған өңірлеріне жабдықтау үстемесін 15%-дан 50,63%-ға дейін төмендетті.

Нәтижесінде 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының тұтынушыларына тауарлы газдың 1 м3 бағасы 18,47 теңгеге дейін төмендеді.


Тағы да оқыңыз: