Қызылордада «FlyArystan» билеттері сатыла бастайды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада «FlyArystan» билеттері сатыла бастайды

06.02.2020, 10:00

349 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандағы алғашқы лоукостер – «FlyArystan» әуе компаниясы Қызылордада жақын арада билет сатылымын бастайды. Бұл туралы Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

Осы орайда «Қорқыт Ата» әуежайы» АҚ аталған компаниямен өзара келісімшарт жасады. Соған сәйкес ұшақтар 16 наурыздан бастап Алматы-Қызылорда-Алматы бағыты бойынша күнделікті, ал 20 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан-Қызылорда–Нұр-Сұлтан бағыты бойынша аптасына 4 рет қатынайды.

Еске салсақ, бюджеттік әуе компаниясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес құрылды. Мұндай шешім ішкі нарықты толыққанды зерттеу мен бизнесті жоспарлау нәтижесінде, тез ауыспалы жергілікті және аймақтық әуе тасымалы нарығының салдарынан қабылданды.

0

Пікір қалдыру