Kyzylorda-news.kz. Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері «ҚазСтИн» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдерімен бірлесіп «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 034/2013  техникалық регламентін талқылау бойынша дөңгелек үстел  ұйымдастырды.

Техникалық регламент Кеден одағының кедендік аумағында қолдануға және орындауға міндетті ет өнімдері мен сою өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын және олармен байланысты Өндіріс, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылатын өнімнің еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін сойылған өнімдер мен ет өнімдерін таңбалауға және орауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Шара барысында  департаменттің бас маманы Айгүл Абдукаримова және  «ҚазСтИн» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Әсел Қалиева қатысушыларды техникалық регламентпен таныстырып,  түскен ұсыныстар  мен толықтыруларды  талқылап өтті.

Тағы да оқыңыз: