Kyzylorda-news.kz 28 қаңтар күні 21 сағат 50минутта Қызылорда қаласы Қаратоғай көшесі 43 мекенжайында өрт болды.

Оқыс оқиға жөнінде “112 құтқару қызметіне” хабар келіп түсті. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департамент қызметкерлері жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді.

«Барлау жұмыстары нәтижесінде “Smart rubber” ЖШС-нің ауласындағы көлемі 25×10 болатын ескі шиналардың жанып жатқанын анықтады. Қазіргі таңда зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталу үстінде», – деп мәлімдеді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті оқшаулауға өрт сөндіру қызметінен 18 қызметкер және 4 бірлік автокөлік жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің біріккен іс-қимылының арқасында тілсіз жау 22 сағат 46 минут кезінде толық сөндірілді.

Тағы да оқыңыз: