Kyzylorda-news.kz. Тасбөгет кентінің 49 жастағы тұрғыны есірткі затын сату кезінде ұсталды. Заң бұзушыдан заттай дәледемелер алынды.
Тағайындалған сараптаманың қорытындысына сәйкес ерекше иісі бар өсімдік тәріздес заттар жалпы салмағы 2,27 грамм кептірілген марихуана болып шықты.
Сонымен қатар, күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту тергеу әрекетін жүргізу барсында үйінен газет қиындысына оралған 3 дана есірткі заттары алынды.
«Күдіктіге ҚПБ-ның УҰИ-на қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.