Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында есірткі затына қарсы күрес жұмыстары жалғасуда. Қызылордалық тәртіп сақшылар есірткі затын сатушылармен күресті күшейтіп отыр.

Мәселен, Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іс-шара барысында 32 жастағы қала тұрғыны ірі мөлшерде есірткі сатуға оқталғаны анықталды. Тәртіп сақшылары күдіктіні дереу қолға түсірді.

Анықталғандай күдіктіден салмағы 274 грамды құрайтын кептірілген марихуана заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті Қызылорда ҚПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Д.МАХАНОВА

Тағы да оқыңыз: