Қызылордада ертең уақытша жарық болмайды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада ертең уақытша жарық болмайды

26.03.2021, 17:00

561 1

Kyzylorda-news.kz. Халықаралық «Жер сағаты» акциясы аясында Қызылордада 27 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 19.30 бен 20.30 аралығында (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20.30-21.30) тұспа-тұс келіп отыр.

Акцияның негізгі мақсаты – ғаламшар ресурстарына жауапты және ұқыпты қарауға адамдардың назарын аудару. Жыл сайын 180 елде миллиондаған адам жарық пен электр құрылғыларын 1 сағатқа сөндіреді. Олардың арасында Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Колизей сияқты мыңдаған сәулет ескерткіші бар.

Қазақстанда «Жер сағаты» акциясы жыл өткен сайын танымал болып келеді. Егер бұрын бұл науқанды тек ірі қалалар қолдаса, соңғы екі жыл қатарынан елдің барлық өңірлері акцияға қосылып жатыр.

1

Пікір қалдыру