Kyzylorda-news.kz.  Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні таңертең және күндіз –15 м/с.

11 ақпанда түнде Түркістан облысының кей жерлерінде қатты қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Шымкент қаласында 11 ақпанда түнде қатты қар күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістанда 11 ақпанда түнде тұман, көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. Петропавл қаласында 11 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Тағы да оқыңыз: