Kyzylorda-news.kz. Халықаралық жастар күні мерекесі қарсаңында Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығы еңбек лагерін өткізді.

«Арнайы 12 – тамыз Халықаралық жастар күні мерекесіне орай “Еңбек күні” есебінде еңбек лагері ұйымдастрылды. Бұл лагердің негізгі мақсаты – техникалық мамандықтардың ерекшеліктерін, мән-мақсатын көрсету, жастарды бұл сұранысы бар мамандыққа баулу. Сындарлы шақтарды бастан өткеріп, бүгінде келешегі зор салалардың дамуына орай мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта даярлау және біліктілікті көтеруде нағыз ұстаханаға айналған білім ордасы осы ілкімді істерін жалғастыра бермек»,- деді облыстық жастар ресурс орталығының аға кеңесшісі Әбіл Серік.

Лагер барысында талапкер және жұмыссыз жастарға кәсіби бағдар беріліп, техникалық мамандықтармен таныстырылып, тәжірибе алаңдарында практикалық дәрістер берілді.

«Мен арнайы осы оқу орынына өзімнің қызығушылығыммен келіп тұрмын. Аталған іс-шарада техникалық мамандардың ерекшеліктерін көріп, сұранысы көп мамандықтармен таныстым. Мен шекара-академигі болғаныммен кейін екінші мамандық қылып жалғастыруды жоспарлап отырмын. Ұйымдастырылған іс-шара қызықты өтті әрі көп ой салды», – деді Шиелі ауданының тұрғыны Төлеген Ержан.

Айта кетейік, еңбек лагеріне 30-ға жуық талапкер, жұмыссыз жас келді.

Тағы да оқыңыз: